Азия чемпионымен кездесу өтеді

KMG Burgylau ұжымы биыл жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленген Сабырғали Аманатпен кездеседі.

Шарада мекеме қызметкерлері спортшымен сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алмақ. Кездесу аясында мекеме атынан спортшыға біржолғы қаржылай демеушілік көрсету көзделіп отыр.  Айталық, Ұлттық құрама сапында ауыр салмақ дәрежесінде атыраулық Сабырғали Аманат (2002 ж.т.) сынға түсіп, құрлық додасының жеңімпазы атанды. Аманат іріктеу кезеңдерінде Ирак және Үндістан мемлекеттерінің боксшыларын тізе бүктірген. Ал ақтық сында Оңтүстік Кореялық қарсыласынан басым түсті.

Сабырғали Аманат – кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстанның үш дүркін және жастар арасында Азия чемпионы. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Жаттықтырушылары: Сахипов Ерлан, Торғаев Сәрсенбай.

Азия чемпионмен кездесу Атырау қаласы, Махамбет Өтемісов көшесі, 116 е, 4-қабат, конференция залында 21 қараша күні, сағат 15:00 өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521