АУЫЛ БАЛАЛАРЫ ДАҒЫСТАНДА ЖАТТЫҚТЫ

Дағыстан Республикасының Хасавюрт қаласында дағыстандық жаттықтырушы Абдулғалим Османовтың ұйымдастыруымен 23 шілде мен 7 тамыз аралығында осы қаланың және Индер ауданының палуандары біріккен оқу-жаттығу жиыны өтті.

Оған ауданнан түрлі жарыстардың жеңімпаздарынан құралған 6 жасөспірім қатысып, шыңдалды.

-Біз бөденелік Нұрбек Аманов екеуміз балаларымыздың дайындығын күшейту мақсатында осы елге бардық. Онда палуандарымыз кростан түрлі физикалык дайындықтан өтіп, жақсы нәтиже көрсетті. Енді Алла бұйыртса 9-11 тамызда өтетін аудандағы жарысқа қатысып, кейін Махачкала қаласының теңіз жағасында оқу-жаттығу жиыны жалғасады,-дейді балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес үйірмесінің аға жаттықтырушысы С.Қыраубаев.

efefefefef11

А.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521