Ауданда еркін күрестен республикалық турнир өтуде

Индер аудандында еркін күрестің негізін қалаушы, спорт ардагері Сәттіғұл Әзербаевты еске алуға арналған еркін күрестен 2006-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында ХІІІ республикалық турнир өтуде.

Салтанатты шара еліміздің Әнұранымен ашылып, көк туымыз аспанда қалықтады. Алғаш боп сөз алған «Нұр Отан» партиясы филиалының аудандағы бірінші орынбасары Ө.Оразғалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, спорт саласында елеулі еңбек етіп жүрген спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаевқа Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатын, Бөдене ауылының жаттықтырушысы Нұрбек Амановқа ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасын табыс етті.

dsc_1665

d

Сондай-ақ, шара иесінің досы, әрі әріптесі Қадыржан Қайырлиев пен інісі Наурызғали Әзербаев қатысушыларға ақ жол тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

1

Жалпы турнирге жерлестерімізбен қоса, Атырау облысы, Мақат, Қызылқоға, Құранғазы аудандары және алыстан ат терлетіп келген Астрахань, Құлсары, Ақтөбе қалалары, БҚО Ақжайық, Жаңақала аудандарынан 10 команда 250 үміткелері қатысып отыр.

3

dsc_1721

Гүлбаршын Смайылова, Атырау қаласының жаттықтырушысы:

-Жалпы турнир жақсы ұйымдастырылған. Өз дәрежесінде ережеге сай өтіп жатыр. Осы жарысқа 12 шәкіртімді әкеліп отырмын. Басталғаны қазір ғана тек екеуі ғана белдесуге шықты. Шәкірттерімнің дайындығы жақсы, жеңіспен ораламыз деген ойдамын.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521