Жаңа жоба жалқаулықтың алдын алады

 Бұрынғылар «Еңбекпен келген нан тәтті» деп отырушы еді ғой. Бүгінгі наным-сеніммен қарағанда бәрі де өзгерген сияқтанады кейде.

Біздің Елтай ауылында ұрпағын еңбекпен есейтіп, құтты орындарына қондырып, бақытты әулет иесі атанып отырған отбасылар аз емес. Оларды әр уақытта ұрпаққа үлгі етіп жүреміз. Дегенмен бес саусақтың бірдей еместігі сияқты, тұрғындардың да, соның ішінде көп балалы отбасылардың тұрмыс-жайлары әрқилы. Оларға ауылдық әкімдікпен ұдайы көмек көрсетіліп келеді. Ауылымыздан, атап айтқанда Елтайдан -20, Аққаладан-5 адам сәуір айынан бастап, барлығы 25 адам атаулы әлеуметтік көмек сұрап арызданған болатын. Оның ішінде бір отбасының табысы күнкөріс деңгейінен асып кетіп кері қайтарылды. Осы тізімге енген 24 отбасының ішінде 13-і көп балалы отбасы екені анықталды.

Сөйтіп, бүгінгі кезеңдегі талаптарға сәйкес арызданған тұрғындар өздеріне тиесілі көмектерін алды. Бүгінде енді осы көрсетілетін көмектер тәртібі қайта қаралып, Парламентке жаңа Заң жобасы ұсынылып отыр ғой. Мұндағы талаптар да қарапайым, халыққа кеңінен түсінікті деп білемін. Олай дейтінім, бүгінгі тұрғындардың арасынан сауаты төмен адамды табудың өзі қиын, қайта әркім де өзіне тиесілі көмекті алуға мүдделі.

Сондықтан да біз бұл бағыттағы жаңа ережелерді бекітілген соң өз дәрежесінде пайдалануға, яғни іске асыруға жұмыстанатын боламыз. Жаңа жоба жалқаулықтың алдын алумен де күреседі. Мысалы, көмек алушылар ұсынған жұмысқа бармайтын болса, енді ондайлардың өзіне де, отбасына да көмек берілмейді деп күтілуде.

Толғанай ЖАНМҰҚАШЕВА,

маман

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521