Тарихы терең төл теңге

Жібек жолы бойындағы тауар айналымында түрлі бұйымдармен қатар ежелден алтын, күміс кесектері, кейін металл монеттері кеңінен пайдаланылған. Алтын Орда кезеңіндегі монет сарайарында неғұрлым дамыған технологиялар қолданылып, теңге атауымен кең қолданыста болыпты.

Өңірімізде Сарайшық қаласында да теңгелер басылып шыққанын білеміз. Орта ғасырлардағы теңгелердің көбінде екі басты бүркіт бейнесі кең таралса, одан кейінгі Ресей империясында, қазіргі Ресей Федерациясының монеталарының белгісі де дәл осындай екі басты бүркіт екендігіне куәміз...

Орта ғасырлық теңгелерді біз Атыраудың және Сарайшықтың өлкетану музейлерінен болмаса, аудандық музейден көре алмаймыз. Қазір біздегі музейдегі ең көнесі - 1730 жылғы Ресей империясының «Денга» монетасы. Ал «денга» мен бүгінгі орыс тіліндегі «денги» сөздерінің түп-төркіні түркінің теңгесінен шыққандығын тарихшылар дәлелдеді. Музейдегі басқа монеталар Ресейдің 19 ғасырдағы «копей-калары» мен кейінгі кезеңдегі ақшалар. Өкінішке орай бұл монета-ларды музейге кім, қашан тапсырғаны белгісіз.

Жеке өзімнің қорымдағы көне монетам нағашы әжем Иланның көзіндей болып қалған 1734 жылғы «Денга». Жалпы көпшіліктің қолында мұнан да көне монеталар болуы әбден мүмкін. Мысалы, аудандық өлкетану музейінің директоры Майгүл Жалғасбаеваның айтуынша, аудан тұрғындары арасынан көне теңгелері бар екендігін айтып, қолма–қол ақша сұрайтындары кездеседі екен. Бірақ облыстық музей арқылы құнын бағалатып алып есептесіп жүруге келісе қоймайтын көрінеді.Соңғы жылдардан бері аудан көлемінен Қызылқабақ, Борсық сынды көне қорымдардан археологиялық қазба жұмыстары жүріп, табылған жәдігерлер облысқа алынды. Бірақ оның ішінен аудандық музейге өкінішке орай бірде бір монета бұйырмапты.

Еліміз Тәуелсіздік алғанда ұлттық валютамызға түрлі атаулар ұсынылып, ақыры түркі дәуірінен жалғасқан Теңгеге тоқталғаны белгілі. Сол кезде көпшілігіміз жап-жаңа, дизайны көздің жауын алатын ұлттық валютамызды алғаш ұстап, тарихи сәтті басымыз-дан өткердік. Ұлы тұлғаларымыз – атақты ғұлама ғалым әл Фараби, ақын Сүйінбай Аронов, күйші Құрманғазы Сағырбаев, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан мен Абылай хан бейнеленген теңгенің енуі сол кездегі елдің рухын көтерсе, бүгінде тарих болып қалды.

Бүгінде тәуелсіздігіміздің символына айналған ұлттық валютамыз – теңге уақыт талабына сай оның дизайны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетілдіріліп шығып, халықтың қажетін өтеп келеді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521