ban2

Қос ауыл Атырауға қосылып жатыр

Алмалы және Береке ауылдық округтерінің қосылуы нәтижесінде облыс орталығының аумағы 7,145 гектарға ұлғаяды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек Құмаровтың айтуынша, қазіргі кезде жоғарыда аталған екі ауылдық округте 8 мыңға жуық адам тұрады.

- Бұған дейін Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 44 қаулысымен Геолог ауылдық округін қалаға қосу туралы қаулы шыққан болатын. Махамбет ауданына қарасты елді мекендердің облыс орталығына қосылуына байланысты қала аумағы 45 871 гектарды құрайды, - деді Наурызбек Құмаров.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner