Көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігі мамандарыныңболжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгенненбастап Қазақстандағы көпбалалы отбасыларсанының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізуМемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындаайтылған тапсырмасы бойынша ҚР Еңбекминіәзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде (бұдан әрі – АӘК) көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үшбағытының бірі болып табылады. Таяуда ҚР Еңбекмині тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізудіжоспарлап отыр.

Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балаларыбар барлық көпбалалы отбасыларға табысынақарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санынақарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді.

Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әрбалаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бастап тағайындалмайтын осыған ұқсасжәрдемақыдан 4-7 есеге көп.

90e37b34-f19e-455e-b135-49fb148c1616

Айта кетерлігі, Қазақстанда бүгінде бала саны 7-ден асатын 3151 отбасы бар. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесебұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жекемемлекеттік жәрдемақы төленеді, олардың орташамөлшері 16 160 теңгені құрайды. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша оны 235 мыңға жуықадам алады. Бұл мемлекеттік жәрдемақыныңтөленуі сақтала бермек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағыжылғы 7 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрі БіржанНұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтарданбастап енгізу жоспарланып отырған АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырған болатын.

«Ең басты принцип мемлекет көмеккемұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалыотбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілеттіазаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқаорналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуғакөмектеседі. Мемлекеттік көмеккекөп балалыотбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларғаатаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға берілетінкепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді», – дедіБіржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көпбалалыотбасыларға қолдау көрсету республикалықбюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізуарқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалыотбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелеткетолмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді.

АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішіндекөпбалалы отбасыларға төленетін болады. Еңтөмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудыңшекті критерийі болып қала береді. Егер еңбеккеқабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстанжәне жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынанбас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізуұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардыазық-түлік жиынтығымен және гигиеналыққұралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалардымектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарыменжәне мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақоларға мектепке дейінгі жол жүру шығындарыөтеледі. Медициналық, оның ішіндестоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларғатегін медициналық көмектің кепілдік берілгенкөлемі және міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521