Кімдер несие төлемдерін үш айға шегерте алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдайға байланысты банктерге халықтың, шағын және орта бизнестің несиесі мен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін қаржы нарығын зерттеу және дамыту агенттігі мамандары түсініктеме берді.

Яғни карантин кезінде жұмыстан босаған немесе ақысыз демалысқа шыққан, сондай-ақ жалақысы немесе өзге кірістері төмендеген азаматтарға 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемдері 90 күнге шегерілді.

Ол борышкердің жазған өтініші негізінде жүзеге асырылады. Банктер қосымша растау құжаттарын талап етпейді.

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 1, 2-топтағы мүгедектер, алтын және күміс алқа иегерлері мен толық емес отбасылар растау құжаттарынсыз ешқандай келісімдерге қол қоймай-ақ, төлемдерін үш айға шегерте алады.

Барлық сұрақтар бойынша finreg.kz сайты арқылы немесе +7(727)278-81-44 телефондарына хабарласып білуге болады.

24.kz сайтынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521