Індет қолма-қол ақша арқылы да жұғуы мүмкін

Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді.

COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақтала береді дейді сарапшылар. Ресейлік сарапшылардың сөзіне қарағанда, кредит ұйымдары беретін қағаз ақшалар банктерде 14 күн уақыт тұрады да кейін ғана клиенттерге беріледі. Дегенмен сарапшылар қолма-қолма ақшадан толықтай бас тартуға шақырмады, бірақ банкнота мен тиындарды ұстағанда қол жууға кеңес береді. Еске салайық, мұның алдында ресейлік дәрігер Борис Ревич "коронавирус күн жылыса жойылады" деген пікірді жоққа шығарған еді.

"Ауа температурасы жоғарылағанда коронавирус жойылады деген болжам, меніңше, тек фантазия. Вирус Уханнан келді, онда желтоқсан-қаңтар айларында ауа температурасы +10 градус. Сондықтан ауа температурасының жоғарылауы вирусқа әсер етуі мүмкін емес", - деген еді Ревич.

Дереккөз:akh.kz 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521