ban2

Cадақа жәшіктерінен ақша ұрланған

Биыл 29 шілдеде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ұрлық жайтын тіркеді, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28-нен 29 шілдеге қараған түні белгісіз адам қаладағы дүкендердің біріне қабырғасын бұзып кіріп, 70-ке жуық темекі, кассасынан ақша және садақа салатын 2 жәшіктегі ақшаны ұрлап кеткен. Осылайша дүкен иесіне 50 мың теңгеден астам сомада материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ол Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК 188-бабы 2-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner