ban2

Бельгия Атыраумен серіктес болуға ниетті

2 қазанда Атырау облысы әкімі Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Алекси Де Кромбрюгхе Де Пикендаельмен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды екенін атап өтті. Экономикалық әлеуеттің артуына шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалар үлкен үлес қосып отыр.

-Облыста бір мыңнан астам біріккен кәсіпорын тіркелген, оның ішінде сегіз компанияда сіздің мемлекеттің бизнесінің үлесі бар. Бұл кездесу алдағы бірлескен жобаларға да серпін береді деген сенімдеміз. Біз өз тарапымыздан сіздерді қызықтырған ұсыныстарды қарастыруға және тиімді өзара байланыс орнатуға қажет ақпарат беруге дайынбыз,-деді Нұрлан Ноғаев.

Елші Алекси Де Кромбрюгхе Де Пикендаель Қазақстанмен арадағы саяси-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Бельгияның сауда өкілдіктері Атырау облысымен машина жасау, мұнайсервис, медицина, агроөнеркәсіп секторы, т.б. салаларда серіктес болуға ниетті. Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі бастаған делегация бірлескен жобаларды жүзеге асыруға сенім білдірді. Шетелдік дипломаттар аймақ басшылығын 9 қазанда болатын ҚР Премьер-Министрінің Бельгияның бизнес-қауымдастығымен кездесуінен хабардар етті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап Бельгия Корольдігінің сауда-инвестициялық мүмкіндіктерімен танысады.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner