ban2

АӘК төлемдеріне қосымша 36,9 млрд теңге бөлінеді

2019 жылдың республикалық бюджетінен атаулы әлеуметтік көмек төлемдері үшін қосымша 36,9 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын ұсынған ҚР Қаржы министрінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылады. Нақтылауда осы жылдың сәуірінде түзетілген 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштері сақталған. Жобада осы жылдың бюджетін атқару аясында Үкімет алдына қойылған бірқатар міндетті шешу көзделген. Бірінші міндет - әлеуметтік саладағы шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу. Бұл мақсатқа 84,8 млрд теңге көзделген. Оның ішінде 36,9 млрд теңге алушылар контингентінің ұлғаюына байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, 23,3 млрд теңге медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау нысандарын жалғастыруға, 2,7 млрд теңге мәдениет пен спортты дамытуға бөлінеді», - деді ол.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, екінші міндет - кейінгі жылдары экономиканың өсу қарқынын арттыру үшін қосымша қаржы көздерін қарастыру. Осы міндет аясында нақтыланған бюджет жобасында 136,8 млрд теңге көзделген. Оның 36,7 млрд теңгесі жолаушылар вагондары паркін санитарлық-техникалық жаңартуға және машина жасау саласы жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібін қолдауға, 21,1 млрд теңге авиапаркті дамытуға және мамандандырылған әуе кемелерімен толықтыруға, 17,1 млрд теңге салымшыларға тұрғын үй қарыздарын беру және салымдар бойынша сыйақылар төлеуге, 8 млрд теңге Павлодар және Ақтөбе облыстарын қажетті суармалы жерлерінің гидромелоративтік жүйелерін жаңғыртуға, 7,2 млрд теңге Жаңбыл облысы халқының табысы арттыру жөніндегі ілкі жобаны іске асыруға бөлініп отыр. «Үшінші міндет - 4-тоқсандағы шұғыл міндеттерге арналған Үкімет резервінің қолайы резервін қамтамасыз ету.

Көрсетілген міндеттерді қаржылық қамтамасыз ету шығыстарды қайта бөлу және 94,9 млрд теңге мөлшерінде осы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша бюджет түсімдерін түзету жолымен жүзеге асыру ұсынылады. Осы өзгерістерді ескере отырып, 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері былай қалыптасты: түсімдер 10 трлн 663,5 млрд теңге, шығыстар 12 трлн 28,1 млрд теңге, тапшылық 1 трлн 364,6 млрд теңге немесе жалпы ішкі өнімге 2,1 пайыз», - деді Берік Шолпанқұлов.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner