500 және 1000 теңгелік банкноттарды қабылдамайтындарға айыппұл салынады

ҚР Ұлттық банкі 500 және 1000 теңге номиналындағы банкноттарды қабылдаудан бас тартқан үшін айыппұл салынатынын хабарлайды.

2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар қазір заңды төлем құралы болып табылады. Егер кәсіпкерлер мұндай ақшаны қабылдаудан бас тартса, ескерту жасалады. Егер жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, онда 5-тен 25 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады. Мұндай шағыммен азаматтар Ұлттық банктің ең жақын бөлімшесіне жүгіне алады.

Ақшаны алмаған жағдайда видеоға түсіріп не сізден бұл ақшаны қабылдай алмайтынын жазбаша жазып беруін талап етіңіз. Естеріңізге сала кетейік, 500 теңгелік банкноттар 2020 жылдың 10 маусымына дейін айналымда болады.

Қымбат ҚАДИМ

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521