Тұз айы басталды



Қырық күн шілде болғанда бізде Тұз айы басталады. Осы уақытта ауыл-аймақпен қатар жан-жақтан ем іздеген немесе қыдырып келген жұрттың ңарасы көбейіп тұздыкөл мен индер карьерлеріне бет алады.

Тұздыкөлдің шипалы балшығын ежелден бүгінге дейін түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланып келе жатқаны әмбеге аян. Әсіресе, буын, нерв жүйесі, ер және әйел аурулары, тері ауруларымен қатар ең аяғы адамның бойындағы жағымсыз иістерді кетіруге де таптырмас ем.

Жергілікті ақсақалдардыңайтуынша, ем іздегендер әуелі Тұздыкөл жағасындағы қасиетті Әулиелердің басына тәу етеді. Тұздыкөлдің емдік қасиетін дәрігерлер де жоққа шығарып отырған жоқ. Ең басты мәселе – ем іздеп келген адамдарға осы жердегі жағдайдың жасалмауы болып отыр.

Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, ем іздегендер әуелі Тұздыкөл жағасындағы қасиетті Әулиелердің басына тәу етіп, ниязын байлайды. Шатырын құрып, малын сойып, қазан-табағын, ас-суын, көрпе-төсегін тасып басына  жататындар әлі де  баршылық. Бұрындары «Аммонал» маңындағы Тұздыбұлаққа түсетін болған. Оның бастау алар бұлағы басындағы жар бойына  арабша жазылған ескі жазулар ұшырасады. Бұл маңның  панорамасы да өте әдемі. Әрі жері тік жар емес, ылди болғандықтан төменге тұзды көлге түсу де жеңіл. «Кен орнын алғаш ашушы» белгісінің бірнеше мәрте иегері, геолог Қасан Қамашевтың айтуынша, өткен жылы келген ресейлік ғалымдар шипажайдың орнын осы араға қолайлы көргендігін  айтады.  Дегенмен бүгінде көпшілігі Индерге жақын жердегі  Оңдасын жалы маңындағы Телепбұлаққа түсуді жөн көреді.

Жағымдысы, былтырдан бері  қазақстандық ғалымдар Ресейдің  курортология ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен бірлесіп, осы көл суының құрамын зерттеген болатын. Зерттеу барысында ғалымдар тұзды судың балшығының түрлі ауруларды емдеу мүмкіндігінің өте жоғары екендігін дәлелдеді.

Бұйырса ендіТұздыкөл басына шипажай салуғажоспарланып отырған жобаның сәтін салсын дейміз.

 

С.БАЗАРБАЕВ.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521