ban2

Аймақ басшысы Атырау-Астрахань тас жолы құрылысымен танысты

Республикалық маңызға ие 277 шақырым тас жолдың бүгінде 60 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 6 шақырымға асфальт төселген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылыс жұмыстарына 300-ге жуық адам, 150-ден астам техника жұмылдырылған. Жоспарға сәйкес, Атырау-Астрахань тас жолының 60 шақырымдық құрылысын аяқтау екі жылға жоспарланып отыр. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құрылыстың жағдайымен танысып, мердігер мекемеге бірқатар тапсырмалар берді.

taszholy

- Бұл еліміздегі маңызы бар тас жолдардың бірі. Көршілес Ресей елімен байланыстыратын бұл тас жолмен көптеген көліктер қатынайды. Сол себепті бұл жолдың сапалы және уақтылы тапсырылуы қажет. Бұл жұмыстар оңтайлы іске асса, жолаушылар уақытын екі есе үнемдейді. Сонымен қатар, Ресеймен екі жақты қарым-қатынас нығайып, сауда-саттық саласы дамитын болады,-деді аймақ басшысы. Атырау-Астрахань тас жолының ені 9 метр, конструкциялық қалыңдығы 65 см болады.

Тас жолдың бойында орналасқан барлық елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, көлік тұрағымен қоса көпірлер салынбақ. Тас жолдың 60 шақырымында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме, қалған 217 шақырым жолдың 80 шақырымын жөндеу үшін құжаттарды рәсімдеуде. Құжаттар реттелісімен жұмыстар басталатын болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ӨКҚ

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner