ban2

Жазушының мерейтойына орай шара өтті

Атырауда Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шара барысында жазушының өмірі мен туындылары төңірегінде тақырыптар қозғалды. Өз заманында Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына зор үлес қосып, Шекспир, Чехов, Толстой шығармаларын қазақ тіліне аударған. Сәйкесінше, оның туындылары да әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

- Мен өмірде жолым болған адаммын, өйткені, Әбіштей заңғар тұлғаны жеке таныдым. Оның бірнеше шығармасын жолдасым екеуміз мажар тіліне аударған болатынбыз. Әбіштің жазу шеберлігіне шығармасы жазылған кітаптардың әр парағы дәлел бола алады. Ол өз заманының озық жазушысы бола білді , - дейді Будапешттегі қазақ диаспорасының төрағасы Оңайша Мандоки.

Айта кетейік, республикалық ғылыми-практикалық конференцияға белгілі профессорлар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner