Жастар ауыл кешін жадыратты

Жақында Елтай ауылында жастар жылына орай "Жастар оты жалындап" атты ән-кеші өтті.

Жастар күніне арналған мерекеде ауыл әкімі Е.Дүйшім кеш қонақтарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, туған жерді түлетуге ерекше еңбек сіңірп жүрген белсенділерді атап айтқанда, «Ниет» еріктілер тобы, 1997-1989, 1999-2004 жылғы мектеп бітіруші түлектерді «Алғыс хатпен» марапаттады.

dsc_1440

Бұдан соң туған жер халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған аудандық мәдениет үйінің өнер саңлақтары Р.Нұрмағамбетова, М.Жұмашев, ауыл өнерпаздары Т.Болатқызы, Қ.Жанесеев, Б.Әбенов, Ә.Жұмашев, Н.Бұхаров, Д.Мүбинұлы сынды өнерпаздармен қатар ВИА «Назқоңыр» тобы әннен шашу шашты. Ауыл тұрғыны Ж.Оңғар әсерлі кеш үшін ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдіріп, адам баласының жан дүниесін байытатын осындай мәдени кештер алдағы уақытта да өөтіп тұрса деген тілегін жеткізді.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521