Жаңа журнал - «Махамбет»

Алдаспан ақын, баһадүр батыр Махамбет Өтемісұлының есімін ұлықтау, ақындығы мен батырлығын дәріптеу бағытындағы іс-шаралары ұдайы жүргізіліп жатырғаны белгілі.

Жақында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемелекеттік университетінде «Махамбет» ресупбликалық әдеби-мәдени танымдық журналдың тұсаукесері өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов арнайы қатынасып, елдің ақжолтай тілегін жеткізді.

Журналдың бас редакторы, аталған оқу орнының профессоры Қадыр Жүсіп махамбеттану жолында қолға алынған журналы жылына 4 рет жарық көреді екен. Ақылдастар алқасының құрамында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қазақстан Жазушылар одағының жетекшілері Ұлықбек Есдәулет, Мереке Құлкенов, университет ректоры Саламат Идирисов, махамбеттанушы ақын Қойшығұл Жылқышиев секілді, т.б. тұлғалар енгізілген.

Аталмыш журнал «Болат-Медиа» мекемесінің қолдауымен жарық көреді. Қаңтар-Наурыз айларындағы алғашқы саны медиа-мекеменің директоры Батыр Болаттың алғы сөзімен басталып, мемлекет және қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедұлы мен Иманғали Тасмағамбетовтың еңбектеріне орын берілген. Академик, жазушы-ақындарымыз Зейнолла Қабдолов, Әнес Сарай, Фариза Оңғарсынова, Илья Жақанов, Қайыржан Әбисатов, Нұралы Әжіғалиевтың еңбектерінде батыр тұлғасы мен ол өмір сүрген дәуір туралы кеңінен үн қатқан.

Зерттеунама сынды журналда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтың мақаласында өзі жетекшілік ететін оқу орнында атқарылып отырған жұмыстарға шолу жасап, өскелең ұрпақты батыр рухымен қарулануға шақырған. Журналдың оқырманға, оның ішінде батыр мұрасын кеңірек насихаттау бағытында берері көп деп білеміз.

С.КӨШЕКОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521