Шабдаржаптықтар сазды салем жолдады

Ежелден егіздей болып Ақ Жайықтың жағасын мекендеген Атырау мен Орал облыстарын жалғап жатқан екі елді мекен Аққала мен Шабдаржап ауылы. Осы бір салт-дәстүрді сақтаған, қазақ өнерін өзгеше сыйлайтын олар бір-бірімен жиі араласып, концерт беріп тұрады.

Жақында сол үрдіспен өнерпаздар келіп, аққалалықтарға тағы да тамаша көңіл-күй сыйлады. "Сағындырған әндер-ай" атты бұл концерттің ерекшелігі - қазақ әндерінің бояуын кетірмей, көптен естілмей, сахнада айтылмай жүрген әндердің орындалуы еді.

«Әжелер» ансамблі әдемі әндерімен сахнаны ашса, оны жалғаған «Келіндер» ансамблі иіліп елге сәлем салып, ізетпен сазды сәлем жолдағанда шаттанған халық ду қол соғып, ризашылығын білдірді.

М.Шаханов, М.Мақатаев, Н.Тілендиев, тағы басқа қазақ композиторларының әндері шырқалды.

Ауыл өнерпаздары Б.Тынышқалиев, Ж.Рахимова, М.Аталықов, А.Жұмашева, А.Мүтешова, Г.Жұмашева, А.Тәжғалиева, К.Мұхамбетова, Н.Сағынтай, Қ.Бисенғалиев, Л.Сатыбалдиева, С.Букенова секілді өнерпаздарды Шабдаржап мәдениет үйі меңгерушісі Сымбат Құспанова бастап келді. Аққала мәдениет үйіне лық толы жиналған ауыл тұрғындары өнерпаздарға разы болып, оларға ақ жол тіледі.

Мерейің үстем болсын, көрші ауыл!

Камал ІЗІМОВ

Индер ауданы

Аққала ауылы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521