ban2

Қаржы қызметкерлеріне құрмет

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ұлттық валюта – теңге күніне және Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Алғаш болып мінберге көтерілген аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлов ұлттық валютаға 26 жыл толуымен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

-Ширек ғасыр уақыт бұрын Қазақстан өзінің төл теңгесін тұғырлы ел ретінде танылды. Осы уақыттан бастап 15 қараша валюта күні деп аталып келеді. Ауданымыз осынау ұлық мерекеге толағай табыспен жетіп, осынау саланың өкілдері сүбелі үлес қосты. Мәселен, аданымыздың қаржы секторында еңбек еткен аға буын өкілдері іс-тәжірибелері мен еңбектерін атап өтсек артық болмас. Әрине, облыс және аудан әкімдігінің іскерлік іс-қимылының арқасында аудан экономикасының дамуына көптеген тың бастамалар іске асырылып, аудан орталығы мен ауылдық елді мекендер көркейіп, жақсару үстінде екендігі баршаңызға мәлім. Аудан бюджетіміз жылдың басында 6 288,0 млн. теңге болса, қазіргі таңда 6 494,0 млн. теңгеге ұлғайтылып, жалпы көлемі 12 млрд теңгеге жетті,-дей келе, сала қызметкерлерінің отбасыларына амандық, дендеріне саулық, қызметтеріне толағай табыс тіледі.

dsc_1922

dsc_1914

Сондай-ақ мерекеде Дидар Сырлыбаева (аудан әкімі аппаратының бас маман-есепшісі), Қайша Қабдығалиева (Жарсуат ауылдық о/а есепшісі), Шынар Ахметжанова (аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маман-есепшісі), Майра Арыстанова (аудандық мәслихат аппаратының бас маман-есепшісі) облыстық қаржы басқармасының, ал Дәмеш Тілегенова (аудандық қызанашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы), Шолпан Тілекова (Индербор кенті о/а), Анар Сансызбаева (аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы), Самал Тастемірова («Индер-Мәдениет» МҚКК бас есепшісі) аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қаржы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаған аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров облыстық мәслихаттың Алғыс хатын Асылхан Шакимовке (аудандық құрылыс бөлімінің бас маман-есепшісі), Махамбет Тулековке (Қ.Есқалиева о/м бас есепшісі), Бағытжан Сахиповқа (аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі), ал аудандық мәслихаттың Алғыс хатын Ақжарқын Нысановаға («Райхан» м/б бас есепшісі), Ләззат Утегеноваға («Ботақан» м/б бас есепшісі) табыс етті.

dsc_1901

Салтанатты кеште аудан өнерпаздары Мұратбек Жұмашев, Сабыржан Қабдолов, Бағдат Әбенов, Айгерім Нысанова, Ұлықбек Оңдасынов, Олжас Аққалиев, Амандық Салаханов, Ерлан мен Айдар және трио, дуэт әннен шашу шашса, «Әсем-ай» мен «Шашу» би ансамблі мың бұрала билеп, мереке көркін келтірді. Осылайша қаржы саласының кәсіби мерекесі өз дәрежесінде тойланды.

Диас АЙБАР

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner