ҚАЙТА ҚҰРЫЛҒАН АНСАМБЛЬДІҢ ЖЕМІСІ

 Бұрынғы сағындырған сағым жылдардағы әндер мен саздарға өткен жылы орынборлықтар келгенде Есболдағы «Жас әуендер» вокалды-аспапты ансамблі орталықтағы «Жеңіс» бағында әп-әсем етіп орындап, жерлестерімен бірге қонақтарды таң-тамаша қалдырып еді.

Міне, енді бұл ұжымның танымал өнерпазы Қайырлы Меңдіғалидің шәкірті Жандос Салиховтың жетекшілігімен "Есбол-Мәдениет" МКҚК жанынан қайта құрылып, Құрманғазы ауданында өткен "Әуелесін кешегінің әндері" атты вокалды-аспапты ансамбльдерінің облыстық фестиваліне алғашқы қадам жасады. Бұл қадамы жеміссіз де емес. Ансамбльдің жетекшісі, облыс және ауданға танымал музыкант Жандос Салиховтың атыраулықтар ғана емес Ресейдің Астрахан облысынан да өнерпаздар қатысқан фестивальда дараланып, "Үздік күйсандықшы" номинациясына иеленуі нұр- үстіне нұр емес пе?!

Негізі бұл "Жас әуендер" вокалды-аспапты ансамблінің іргетасы 1972 жылы қазіргі Есбол ауылындағы Мәдениет үйі жанынан бүгінгі ардагер, кешегі танымал өнерпаз Қайырлы Меңдіғалидің бастамасымен құрылғаны аудандық газетте жазылып, ауылдастар мақтанышына айналғаны жазылған.

-Ансамбльдің репертуарында қазақ композиторларының әндерімен қоса басқа да ұлттың әндері бар. Осы жылдардан бастап, ұжымның шығармашылық шарықтауы басталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, талай жүлделі орындарға қол жеткізген. Өнер ұжымы қазіргі күнде Ансамбль құрамында: Қайрат Нұрқашев- дауылпазда, Дәурен Карабалин- бас гитарада, Жандос Салихов- күйсандықта, Айгерім Нығметова-ансамбль әншісі. Алға қарай да ансамбль құрамын толықтырып, халық арасынан өз сүйікті көрерменін табады деген сенімдеміз,-деп тілек қосады тағы бір есболдық өнерпаз Әсел Омар.

Біздің қосарымыз жаңа да сәулетті мәдениет үйінің сырты ғана емес, іші де өнер сүйер қауым мен көрермендерге әрдайым тола болсын демекпіз. Ал оған үлес қосар өнерпаздар мен таланттылар да Есболда жетіп артылады.

С.БИСЕНОВ.

Есбол ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521