Елтайлықтар жаңа жылға жыр сыйлады

Елтай мәдениет үйі ұйымдастыруымен жаңа жылмен құттықтау және жас өнерпаздардың өнерін насихаттау мақсатында ауылдың жас өнерпаздары көршілес Ынтымақ, Аққала, Бөдене, Есбол елді мекендеріне барып әннен шашу шашты.

anshi-bala

Қазақилықты қанына сіңіріген С.Қабдолов, Н.Бұхаров, Е.Набидоллаұлы, ана мен бала Болат және Болған Ғизатовтар домбырамен өнер көрсетсе, М.Хамзин, Ш.Қайырбай, М.Азамат, А.Жақсыбаев, Қ.Қайырбай ВИА «Назқоңыр» ансамблінің сүймелдеуімен ән шырқап үлкен құрметке ие болды. Сонымен қатар дуэт құрған Д.Мубинұлы мен М.Жолдыбаева және де 1980-90 жылдардағы ретро әндерден попурриді орындаған Ө.Құрметұлы одан әрі кешті жандандыра түсіп көрермен көзайымына айналды.

zhas-onerpazdar

Осындай керемет кеш соңында Бөдене ауылы әкімі ризашылығын айтып Елтай мәдениет үйі директоры Б.Ғабдысаматұлына Алғыс хат ұсынса, әр ауылдың халқы ыстық ықыластарын білдіріп, қол соғып қошемет көрсетті.

Тоғжан САЙЫН

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521