ban2

Ел Ерікті бағалап, еске алды

Кеш дүние жүзіне белгілі әншінің 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға әншінің өнердегі және өмірдегі достары, жақын туыстары мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Сондай-ақ, отандық танымал опера жұлдыздары мен Ерік Құрманғалиевтің ресейлік әріптестері шараға арнайы келді. Жиында әншінің әріптестері көрерменге әлем классикасының шедеврлерін, отандық авторлардың туындыларын орындап берді.

erikkk

- Бүгінгі кешке уақыт тауып Ресейден арнайы келген Александр Котовщиков бастаған бір топ өнерпаздарға алғысымды білдіремін. Көрсеткен құрметтеріңіз өздеріңіздің дос, әріптестеріңіз Ерік Құрманғалиевқа сыйластықтарыңыз деп білемін. Өзінің аз ғұмырында естеліктерімен, әндерімен әлемге танымал болған өнерпазымызды біз ұмытпаймыз , - деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

erik

Айта кетейік, жиында Ерік Құрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығын сипаттайтын Маржан Ершудың 2014 жылы жарық көрген "Феномен" кітап-альбомының жаңа нұсқасының тұсауы кесілді.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner