"Бала дауысы" бесінші маусымы

26 наурыз бен 25 сәуір аралығында Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән конкурсының бесінші маусымының қашықтықтан іріктеу кезеңі өтеді.

Конкурстың ұйымдастырушылары 8-12 жас аралығындағы балаларды еліміздің ең ауқымды музыкалық жобасының қатысушысы болуға шақырады. Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез- келген тілде және кез- келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған бейнесін жіберуі қажет.

dausy

Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады, олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады. "Бала дауысы" - бұл әлеуметтік жоба, оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әлемі - Диснейлендке жолдама алады.

bala

Байқаудың ұйымдастырушылары - Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры. Толық ақпаратты Конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынан біле аласыздар. Өтінімдер www.notka.kz сайтында 26 наурыздан бастап қабылданады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521