ӘЖЕЛЕР ӘН САЛҒАНДА

Көрермен көзайымына айналған көктоғайлық «Шамшырақ» әжелер ансамблінің құрылғанына биыл бес жыл толды.

Репертуарларында тыңдаушыларға ерекше ләззат сыйлайтын онға жуық әуезді әндері топтасқан ансамбль құрамында 13 әже бар. Олар жас ұрпақ бойына өнер мен өнеге, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарымызды сіңіртіп, сара жол көрсетіп, әдет-ғұрыптарымыздың кең қанат жаюына да ұйытқы болып келеді. Міне, осыған орай ауылдық мәдениет үйінде «Әжелер ән салғанда» атты салтанатты шара өтті. Аталмыш шарада ауыл әкімі М.Құсайынов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы С.Жәрдемқызы және ауылдық әжелер ансамблінің төрайымы Бақыт Нұрманқызы сахна төріне шығып, ыстық ықыластарын жеткізді.

Мерекелік кеш ансамбльдың орындауындағы әндермен жалғасты.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521