ban2

Ата Заңым - елдігімнің айғағы

Атырауда ҚР Конституция күніне орай Жастар мәдениет сарайында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында аймақ басшысы құттықтау лебізін білдіріп, өңірде атқарылып жатқан ауқымды істер туралы айтты. Сонымен қатар, ел дамуына үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға ыстық ықылас танытып, алғыс хаттар мен мерекелік төсбелгілерін табыстады.
Қиын кезде елімізді тығырықтан шығарып, дұрыс жолға бағыттап, осындай дәрежеге жеткізген Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің нәтижесі.

3eb1b829-7f60-4f47-bf88-356fe58d08cf


- Ардақты ағайын, баршаңызды 30 тамыз - еліміздің ұлық мерекесі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы даланың жазылмаған заңдарымен бірге Майқы би, Төле би, Қазыбек билердің қара қылды қақ жарған шешімдерімен бірге Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысы сан ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген халқымыз үшін шамшырақ іспеттес болып, ел арасындағы тұрақтылық пен дамудың кепілі болды. 1995 жылы қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституциямыз бұл – заңнамалық норма немесе ережелер жинағы ғана емес қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттейтін заңдардан бастау алатын Ата Заңымыз! Бүгінде Конституциямызға сүйене отырып, елдің дамуы үшін аянбай тер төгіп жүрген азаматтарымыз аз емес, - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, мерекелік шара Н.Жантөрин атындағы облыстық филормонияның «Нарын» оркестрі мен танымал талант иелерінің концертіне ұласты.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner