АЩЫ ШЫНДЫҚ АСТАРЫ

Өткен аптада аудандық жаңа мәдениет үйінде «Ақ Жайық» халық театры М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» атты спектакілін сахналады.

Қойылым – Астана қаласында тұратын зиялы отбасының тағдырынан сыр шертеді. Оқиғаның негізгі желісі ана тіліне шорқақ қызбен ұлттық болмысты жоғалтпаған тәтесі арасындағы келіспеушіліктен өрбиді. Бұл жерде ұлттық құндылықтардың құлдырауы, дүниеге мастанғандардың руханияттан алшақтап бара жатқанын күлдіре отырып сынап өтеді. Оқиға желісі Мұқамбет пен Сүйімқанның алғашқы рет Дубайға баруға бел байлауынан басталады.

Алайда, жолдасының сыйлыққа алған жолдамасының саны – екеу ғана. Сонымен әрі ойланып, бері ойланып «Қызымызды қалай жалғыз қалдырамыз?» деп амал таппай отырғанда, ойда жоқта ауылдан Мұқамбеттің әпкесі келе қалады. Кіреберістен-ақ қайынапасының жүрісінен шошынған келін жолдасын шақырып, таныса бастайды. Жақын туыстық байланыс орнаған соң ер-лі-зайыптылар бір ауыз сөз қазақша білмейтін қыздарын сол кісіге тапсырайын десе, ол мүлдем орысша түсінбейді. Осы сәтте көмекке екілік бағаның кесірінен мемлекеттік емтиханға жіберілм-еген Асқар атты студент келеді. Әу баста студент кітапшасына бағаны қойып беруін өтінгенімен, олай болмайтын ескерткен ұстазы ойына-ой келіп, шетелге асудың жолын іздей бастайды. Содан тығырықтан шығудың жолы – оны тілмаш ретінде пайдалану.

dddd1411

Осы кезде орыс тіліне шорқақ жі-гіттің аудармасы кезінде қызықты сәттер орын алады. Мысалы, «Түріңнен айналдым» дегенді «Кружусь вокруг тебя», «Қасықтай қара басыңды» – «Твоя черная голова как ложка» деп аударуы көрермендерді күлкіге қарық қылады. Ерекшелігі сол – автор да, режиссер де, актерлер де қоғамда орын алған көңілге кірбің ұялатар қазақ тілінің трагедиялық жағдайын жарасымды әзіл-қалжыңдар арқылы комедияға айналдыра білген. Сондай-ақ қойылымда қалалықтардың ауыл өмірінен алшақтап бара жатқандығы да жақсы ашылған. Комедияның соңында екі жас Асқар мен Дездемона арасында сезім пайда болып, қазақ тілін білмейтін Дездемона қазақшаны, ал Болдуқан орыс тілін үйренеді.

Айта кетейік, қойылымның қоюшы режиссері Шайда Уразғалиева мен рөлдерді сомдаған Айдос Таженов, Бірлес Бакетов, Рабиға Бадел, Гүлзира Шаукироваларға аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов пен мәдениет саласының ардагері Ұлдай Аманғалиева шексіз ризашылықтарын білдірді.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521