АЙДАНАҚ ДИПЛОМАНТ ИЕГЕРІ

Орал қаласында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтың әндерін орындаушылардың ХІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өткен болатын.

Дәстүрлі өнер бәйгесіне Қазақстан қалалары мен Өзбекстаннан барлығы 42 әнші өнер көрсетіп, эстрада және романс аталымы бойынша бақ сынады. Оған индерлік «Индер-Мәдениет» МКҚК-ң әншісі Айданақ Сағындық эстрада жанры бойынша қатынасып, әнші-композитордың «Жолыңа қарап тұрдым мен» және «Гүлсезім» әндерін шебер орындауымен дараланып, дипломант атанады.

Бұл жөнінде әнші Айданақ Сағындық: -Мен үшін әрі қуанышты, әрі қобалжулы күн болды. Мені қолдаған барлық жандарға, туған-туыс, достарым, жолдасыма рахмет! Осындай халықаралық байқаудың дипломант иегері атанғанымды бақытты сезінемін,-дейді қуанышты кейіпте. Ауданымыздың мақтанышы болған Айданаққа үлкен белестерді бағындырып, әрдайым жеңімпаз атануына тілектеспіз!

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521