Ағалар ансамблі құрылмақшы

Ауданда өнерпаз Б.Жайымованың жетекшілігімен құрылған «Ару–Ана» ансамблі көпке өнерімен танылғаны аян. Аудан, облыс сахналарымен қатар Астанадағы әлемдік ЭКСПО - ға да жолдары түсіп, өнерлерін паш етті. Қазір аталған өнер ұжымының жетекшілігін өнерпаз Еркін Әубәкіров жалғастырып жүрсе, ол енді жақын арада аталар ансамблін ашпақ екен.

- Жарсуатта «Ерасыл» ағалар ансамблі болғанымен аудан орталығында жоқ еді. Ал арамызда зейнеткерлік жасқа жетсе де өнерімен танылған жандар көп. Салиқалы ұрпақ өсіріп отырған ағалардың жастарға өнерімен де үлгі болып, сахнаның сәнін келтіреді деген сенімдеміз. Ансамбльге жаңадан атауын қойып, сахналық киім үлгісін жасақтауды жоспарлаудамыз. Алдағы мерекелерге репитициямызды да бастап кеттік, - деді өнерпаз Еркін Әубәкіров.

Ансамбль құрамында күні кешеге дейін ауданда белгілі кәсіпорын басшысы Асқар Үмітқалиев гитарада, мәдениент саласының ардагері Нәсіпқали Маймақов баянда, колледж қызметкері Асқар Бақтияровтың домбырада шебер ойнайтынын талай концерттен куәміз.

Сондай-ақ жаңа ұжымда ардагер спортшы мұғалімдер Алтыбай Ермұханов, Бергенбай Нұрғалиев, Сыйлыбай Мұхсимов, мемлекеттік қызмет, құқық саласының ардагерлері Төлеген Айтқұлов, Сағындық Бапқалиев және Ізғайыр Әйтимов, Демеуғали Сұлтанғазиев, Наурызбай Әлмұхатов сынды басқа да саланың зейнеткерлері бар екен.

Ендеше, жаңа құрылып жатқан ансамбльге ақ жол тілейміз!

Саламат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521