Мамандар жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын насихаттады

Жақында аудандық ТКҚСҚБ басқармасының мамандары «Айналайын», «Ботақан» балабақшалары мен М.Мөңкеұлы, Аққала орта мектептеріне барып, түсіндірме сағатын өткізді.

Балабақша қызметкерлеріне «ЖРВИ, тұмау және пневмония ауруларының алдын алу» және «Екпенің тиімділігі» тақырыбында дәріс оқып, мына тақырыптарды қамтыды:

- Жедел респираторлы инфекцияның, тұмаудың және пенвмонияның алдын алу жолдары;

- кеш емделудің зардаптары мен асқынулар;

- Тұмауға қарсы екпенің маңыздылығы, тиімдлігі мен алу шарттары;

- Екпеден бас тартудың зардабы, екпе арқылы қорғануға болатын аурулар;

- Тегін екпе және қорғануға мүмкіндік.

Жиын соңы қатысушылардың екпеге діни қарсылық, екпеден кейінгі медициналық бақылау туралы сауалдарына жауап берумен және жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын насихаттаумен қорытындыланды және ЖРВИ/тұмау/пневмонияның алдын алу туралы парақшалар таратылды.

"Дендер" - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521