Мамандар қандай тағамдардың қауіпті екенін айтты

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты –дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн.

Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болуы шарт. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарлауына және оганизмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Әсіресе , «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы» демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін оны назардан тыс қалдыруға болмайды.яғни, өсіп-жетіліп келе жатқын жас бала мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануына бей-жай қарамаған абзал. Адам күніне 3-4 рет ас қабылдауы керек. Әрбір қабылдау барысында астың мөлшері 2 алақанды қосқандағы уыс көлеміне тең болуы тиіс.

Сонда қабылдаған ас, асқазанның 3/4 бөлігін ғана толтырады. Асқазандағы астың дұрыс араласуына және ас қорыту сөлімен әрекеттесуі үшін, бұл ережені қатаң түрде сақталуы қажет.Жеміс-жидектерді тамақтан бұрын жеу пайдалы. Астың негізгі мөлшерін қабылдау 12.00-14.00 аралығына сәйкес келуі керек. Бұл кезде бауырдың белсенділігі жоғары болады. Сондықтан қуатты, майлы астар тәуліктің осы кезінде қабылданғаны дұрыс. Суық кезде жеміс пен көкөністерді қолдануды шектеу керек. Суық мезгілдерде піспеген затты жеу салқын тиюге, ісіктің пайда болуына, ас қорыту мәселелерінің туындауына алып келеді. Астың жоғары немесе төмен температурада болуы асқазан сөліне зиян келтіреді.

Ыстық күнде біз үй бөлмесінің температурасындағыдай суды ішуіміз керек. Егер мұздай суды пайдалансақ, оны жылыту үшін организм көбірек энергия жұмсайды, одан кейін су асқазан сөліне араласады. Тағам қабылдау барысында сұйықтық ішуге болмайды, ішкен жағдайда ас қорыту сөлінің шоғырлануы азайып, асқазанның ас қорытуы төмендейді. Адам алдымен қою тағамды жеп, 20-30 минуттан кейін сұйық тағамды ішкен дұрыс. Егер керісінше тамақтанса, онда тамақты қорытатын ферменттердің шоғырлануы төмендеп, ет, ботқа, жеміс тағамдары қорытылмай қалады. Асты қабылдаудан 20-30 минут бұрын бал, тұз немесе лимон шырыны қосылған бір стакан ыстық су ішсе, аталған барлық қоспалар ас қорыту жүйесін жақсартып, асқазанды кілегейлерден тазартып, асты қорытуға дайындайды. Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде.

Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына: «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көп теген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін.

Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін емес сонымен қатар бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн.

Картопты «Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденген. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртекке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» тағамында акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порцияда 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм. Нақтылап айтар болсақ бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей боламыз. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Котлеттер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны.

Гамбурге арналған соус құрамында : қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий. Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ екен. Бірақ гамбургерді адам көп қорек етсе онда ол адамның салмақ қосуы әбден мүмкін. Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант, глютамат натрийі C5H8NO4Na * H2O (Е621) , пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер және т.б. - ның көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады.

Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер.

Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған. Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Дұрыс тамақтана білу кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған дұрыс. Дұрыс тамақтану тәртібін орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады.

 Гульжан Уразалиева

Индер аудандық ТКҚСҚБ Басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521