Ауруды анықтауда кемшіліктер көп

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәжіліс залында аудандық жастар орталығы, аудандық барлық емдеу мекемелерінің өкілдерінің қатысуымен «Балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулездің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Балалар мен жасөспірімдердің арасында туберкулез ауруының алдын алу, төмендету және сырқаттанушылықты ерте анықтау мақсатында өткен дөңгелек үстел барысында басқарма басшысы Ш.Ержанова аудан бойынша тіркелген туберкулездің себептеріне және ауру анықтау барысындағы кемшіліктерге тоқталды.

Перзентханадан БЦЖ екпесін алмай шыққан және мүлде егілмеген, екпеден бас тартып отырған атааналармен екпенің маңыздылығы мен туберкулездің қаупі туралы түсіндіру жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтінін және флюорографиялық тексеру мақсатты қауіп-қатер тобында толық көлемде орындалмай, өзге контингент есебінен тексеру жүргізілетіндігі туралы бөлім басшысы А.Қосымбаева атап көрсетіп, халықты санитариялық сауаттандыру туралы учаскелік деңгейдегі медициналық қызметкерлерге ұсыныстар берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз учаскелері бойынша өзекті мәселелерін ортаға салды.

Атап айтқанда, аудандық аурухананың дәрігер фтизио-педиатры Т.Каналин балалар мен жасөспірімдер арасында тіркеліп отырған туберкулез ауруының алдын алудағы негізгі мәселе қауіпті контигентті уақтылы әрі толықтай тексеруге тікелей байланысты деген ойымен бөлісті. Аудандық емхананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары К.Қаражанова ауданда учаскелік қызметтегі медициналық қызметкерлердің жүктемелері көп болғандықтан туберкулез ауруы бойынша профилактикалық шаралардың өз деңгейінде жүргізілмеу фактілері орын алып отырғандығын тілге тиек етті.

Жиын балалар мен жасөспірімдерді туберкулезден сақтаудың нақты проблемаларын шешу туралы ұсыныстар енгізумен қорытындыланды.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521