Ауданда 1000 тұрғынға 1 дәрігерден келетінін ескертіп, тәртіпті қатаң сақтауға шақырды

Кең жайылған індет жайында аудандық медицина саласының қызметкері Оңай Құмарғалиқызы жерлестеріне өз мәлімдемесін жолдап, аудан әкімі М.Қалауиға өтініш жасады.

Құрметті Индер ауданының тұрғындары!!!

Мен, Арыстанова Оңай Құмарғалиқызы , медицина қызметкері, Индер ауданының тұрғыны ретінде мәлімдеймін:

Әлеуметтік желі арқылы әлемдегі болып жатқан індетті желтоқсан айынан бері естіп, құлақ үйренгені сонша, адамдар бір-біріне «короновирустан амансың ба» деп амандасатын болды. Бүгінгі мәлімет бойынша әлемде ауру саны 532 мыңнан асса, 24 мың адам көз жұмды. 13 наурызда Қазақстан бойынша 1 ауру тіркелсе, 14 күнде, яғни бүгінгі күнге 125 ауру адам тіркеліп : оның 50-уі 2 күн ішінде ауырған адамдар, яғни күн сайын өршуде. Соның ішінде 3адам біздің облыстан, яғни біздің ішімізде!!!

Біздің ауданның бүгінгі күнге ахуалы қандай деп үңілсек: Үлкен қаладағы студенттерді індетке байланысты оқудан босатты, ал көшенің бойында 5-6 адамнан жиналған жастар, күліп, жайбырақат әңгімелерін айтуда, қүшақтасып амандасып жатқан адамдар, қасына 1-2 баласын ерткен аналар қыдырып жүр, аудандағы жалғыз супермаркетке барсаң, сатушының алдындағы жиналып жатқан целлофан пакеттерді ,аузындағы түкірікпен сулап, керегін алып,қалғанын тастай салған тұтынушылар (26 наурыздағы көрініс).

Индер ауданы бойынша 30 мыңнан асатын тұрғын бар, ал аудандағы дәрігерлер саны 36, ал есептеңіз, 1000 тұрғынға 1 дәрігер, аудан бойынша жалғыз реаниматолог - дәрігер, егер короновирус ауруы ауданға келетін болса, біздің ауданның құрғақ климатын еске алсақ ,ол ауру келеді күмәніңіз болмасын, сіз болып, біз болып не істей аламыз ?

Телевизордан көріп жатқан шығарсыздар , Италия президенті жаяу өзі көшеде жүріп, тұрғындарды үйлеріне қуып жатыр: Мен сені үйіңе кіріп ұстап отыра алмаймын,бірақ Италияның топырағын басқызбаймын,көшеде жүрмейсің дейді,, шаштараз саған неге керек, бәрібір қабірдің беті жабық болады дейді. Осыдан артық не айтуға болады. АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша әлемде короновирустан 81 мың адам қайтыс болады және ауру маусым айының аяғына дейін созылады деп топшылауда. Короновирус індетінің емі табылған жоқ, алдын-алу үшін тек үйде отыру, адамдармен қатынасты барынша азайту.

Сондықтан өзіміздің денсаулығымыз үшін, балаларымыздың , көршілеріміздің денсаулығы үшін тәртіпті өзімізден бастайық!!!

1. Егер жаныңызға бататын ауруыңыз болмаса, созылмалы ауруы бар есепте тұрған аурулар , мүгедектер, 55 жастан асқан адамдар, емханаға тек қаралып кету үшін бармаңыздар, соның ішінде жеке емханаға да.

2. Жүкті аналар учаскелік акушеркаларыңызбен телефон арқылы үнемі байланыста болыңыздар.

3. Көшеде бет-перде мен қолғап киіп жүріңіздер, қолды жиі жуыңыздар.

4. Ағайын, көршілердің үйге келуіне тиым салыңыздар, қонақ шақырмаңыздар.

Мейірім Қалауи мырза! Аудан тұрғыны ретінде сізден сұрайтыным:

1.Заң қызметкерлерін араластыра отырып көшеде адамдардың көп жүруіне тыйым салынсын , әрбір адамнан не үшін жүргені сұралатын болсын.

2. Көп адам жүретін көшелер залалсыздандырылсын.

3.Кешкі сағат 22-ден кейін көшеде жүруге заңды түрде тиым салынсын.

4. Күндіз көшеде көлік қозғалысы азайтылсын.

Індеттің алдын алсақ ,уақытша қиындықтан құтылып, құшақтасып- амандасатын күн алыс емес .

Біз біргеміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521