ban2

Құрметті журналистер қауымы! Қадірлі редакция ұжымы!

Сіздерді 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен тұспа-тұс келген мерейлі мерекелеріңіз — аудандық «Дендер» газетінің алғашқы санының жарияланғанына 85 жыл толуымен құттықтаймын.

«Дендер» газеті — өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан басылымдардың бірі. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаумен қатар, ауданның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени һәм рухани әлемінің, бұрынғы мен бүгінгі келбетінің айнасы, жарқын болашағының бағдаршамы іспетті. Өлкеміздің жасампаз істерге толы шежіресін жазуға «Дендер» газеті зор еңбек сіңірді. Басылымның заман талабына сай жаңалықтары, өсу мен өзгеру үдерісі күні бүгінге дейін біздің көз алдымыздан өтіп келеді. Сондай-ақ, бүгінгі ғаламтор дамыған кезеңде газеттің жеке сайты мен әлеуметтік желілердегі ақпараттар легінің болуы оқырманның қызығушылығын арттыра түсуде. Осынау тарихи даму кезеңінде ел дамуындағы өзгерістерге байланысты газеттің аты да, мазмұны да жаңарып отырды.

Алайда, бір ғана өзгермегені - ол газеттің өзектілігі мен оқырманға қол жетімділігі, ауданның жетістіктері мен жаңалықтарын жұртшылыққа жеткізуі. Бар осы ғұмырында газет өз оқырмандарымен бірге жасасып, қоғаммен бірге дамып келеді. Құрметті сала ардагерлері, журналистер, ардақты оқырмандар! Осынау мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, мол табыстар, жаңа бастамалар мен шығармашылық табыстар тілеймін.

Мереке құтты болсын!

М.Қалауи,

Индер ауданының әкімі

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner