ban2

Жобалары жеңіске жетеледі

Жақында Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру жəне сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті.

Жалпы бұл олимпиадаға «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобаларды әзірлеген 7-9 сынып оқушылары қатысады.

Міне, ауданнан бас бәйгені алып, облыста оза шапқан Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің оқушылары Аружан Пангереева, Думан Қалимолла, Құдырет Медетұлы республикалық байқауда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып, жүлделі ІІ орын иеленді. Айталық, «Дұрыс əрекет» деп аталатын аудан командасы облыста ережеге сай дайындап барған «Өзіңді жақсылықпен таразыла» тақырыбындағы жобасын ұсынса, республикада билет таңдау арқылы «Балаларға мереке сыйлайық» жобаларын көрсеткен. Олар бұл жобада ауылда ойын алаңдарының жоқтығын баяндай келе, егер де бар болған жағдайда балалардың əр күні мереке екендігін жеткізіпті.

Байқау жөнінде жетекшісі, мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Гүлсімай Аренова: «Байқау өте жақсы ұйымдастырылды деп айта аламын. Оқушыларым республика бойынша бір-бірінен асып түсуге дайын тұрған 19 команданың ішінен суырылып алға шыққанына қатты қуандым. Жалпы, команда атауын «Дұрыс əрекет» деп алуымыздың себебі аталмыш пәнде «Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтардың» бес бөлімінің бірі осылай аталады. Сондықтан топтің шешімімен осылай алдық».

Айта кетейік, құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және тануға ұмтылысын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Аудан намысын республика төрінде қорғаған оқушыларға білім бәсекесінде озық болуға тілектеспіз.

Д.АЙБАР

Ынтымақ ауылы

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner