Санаулы күндерден кейін оқу жылы басталады. Әрбір мектеп жасында баласы бар отбасы үшін оқу құралдары, киім-кешектерін алу маусымы басталатыны белгілі.
Соған сәйкес, республикалық «Мектепке жол» акциясы да бастау алды. Акцияның діттегені белгілі - аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасының балаларына көмек көрсету. Біздің ауданда да биылғы оқу жылы қарсаңында 787 оқушы көмекке мұқтаж есебінде тұр. Оның 406-сы демеушіліктің есебінен, ал 38-і жалпыға міндетті білім беру қорынан көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.
Алғашқылардың бірі болып ауданға «Ембімұнайгаз» АҚ өкілдері келіп, 10 жағдайы төмен отбасының балаларына киім-кешегі мен оқу құралдарын табыс етті. Аталмыш компания өкілдері осы уақытқа дейін бұл акцияға облыс деңгейінде жүзеге асырса, биылғы жылы Арыс қаласындағы жарылыстан бүлінген 16 мектептің 400-ден астам бастауыш сынып оқушыларына мектептік киім-кешектер тарту еткен. Шара аясында ата-аналар атынан сөз алған Шынар Қапашева да ризашылығын білдіруде.
Жадра Нариманқызы
Штаттан тыс тілші