Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі

Түн ортасында «Audi 100 C4» маркалы автокөлікпен жол ережесін бұзып, ақырында жөнінде тұрған «Subaru Forester» маркалы автокөлікке соқтығысып тынған Б.К.К.есімді азаматтың ісі аудандық сотта қаралды.

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық залалды өтеп беретінін, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып ақталды.

Белгілі болғанындай, жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолдану талабын сақтамаған.

Сот Б.К.К.-ның жеке басын, оның материалдық жағдайын, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын ескере отырып, оған әкімшілік жаза ретінде жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза қолдануды, іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталғандықтан, ӘҚТК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 53 020 теңгені 30 пайызға қысқартып, 37 114 теңге мөлшерінде айыппұл салуды дұрыс деп шешті.

Әрине, қате аяқ астында. Бірақ, "сақтансаң, сақтармынды" естен шығармаған да жөн-ау...

"Дендер"-Ақпарат 

Сот залынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521