Жерді тиімді пайдаланбағандарға шара қолданбақ

Индер аудан әкімдігі жанындағы жер пайдаланушылармен жұмыс істейтін аудан әкімінің орынбасары С.Өтеғұлов төрағалық ететін комиссия мүшелерінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті.

Онда бірқатар ұйымдастыру мәселелерімен қатар жеке және заңды тұлғаларға жалға берілген жерлерді ұқыпты пайдаланып, қайта тапсырған жағдайда қойылатын талаптарды күшейту жайы көтерілді.

-Бұл жайт Президенттің Жолдауында да, тұрғындармен өтіп жүрген кездесулерде де жиі көтеріледі.Тұрғындар, әсіресе жекелеген жерді жалға алып егін салушылар, күзгі жиын-терін аяқталысымен ол орынды жинамай жаңасына ауыса береді. Осындай жайға тұрақты жол беріп келе жатқан тауар өндірушілер кездеседі. Сондықтан мұны тиятын кез жетті,-деген комиссия мүшелері, осы жай аудандағы жолдарды күрделі жөндеуден өткізіп жатқан «Атырауинжстрой» ЖШС-не де қатысты екенін атап көрсетті.

Өйткені, бұл серіктестік Жарсуат округі жеріндегі өндірістік жұмыстарға алған жерді рекультивациядан өткізіп тапсырмаған. Сонымен қоймай тағы да «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» жолын салуға қажетті жерді жалға бөлуді сұраған өтінішпен шығып отыр екен. Комиссия мүшелері осы жайға ерекше назар аударып, болашақта ондайға жол бермесі үшін тиісті салалық бөлімге, басқа да бақылаушы орындарға өз құзыреті шеңберлерінде шаралар алуды ұсынды.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521