Жеке кәсіпкер ардагерлерге құрмет көрсетті

Қарттардың қамқорлық айлығы аясында жеке кәсіпкер Ақмаржан Сайлауқызы Индербордағы бір топ қартты «Хан шатыр» мейрамханасына шақырып дастархан жайып құрмет көрсетті, сый-сияпаттарын ұсынды.

- Бүгінде ауданда соғыс ардагері болмағанымен балалық шағы соғыс кезеңі мен одан кейінгі жылдардағы қиын шақтардың зардаптарын көріп өскен қарттарымыз бар. Олар көбіне маған ескерусіз қалатындай көрінеді. Сондықтан да бұл игі шарамды қамқорлық айлығымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арнап, 1930-1945 жылғы дүниеге келген ардагерлерді қамтуға ұмтылдым. Бұл бастамамды алдағы Жеңіс күніне дейін тағы да жалғастырмақшымын, - деді кәсіпкер Ақмаржан Сайлауқызы.

arda

Дастарханда басқосқан ардагерлер өздерінің жастық шақтарының соғыс кезеңі мен одан кейінгі жылдардағы елдегі қиын кезеңдерді әңгімеледі. Кездесу барысында Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Өтеп Нұриев, Дәмеш Есқалиева, Қабижан Қапиз, Табылды Биғазиев, тағы басқалары тілектерін арнады.

ger

Шараны өнерпаз Жәнібек Нұралиев пен мұғалім Татьяна Карнаухова жүргізсе, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары өнерлерін паш етті.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521