Жарсуаттық жастың жұмысы жинаққа енді

Күні кеше Нұр-сұлтан қаласында «Bilim-Órkenıeti» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы» ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекеттік тарихы институтымен бірлесе ұйымдастырған «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы» атты республикалық байқау қорытындыланды.

Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқау биыл «Жастар жылы» аясында өтізіліпті. Негізгі мақсаты – педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуметін қалыптастырып, оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

zh-bala

Айта кетейік, физика-математика, ғылыми жаратылыстану, лингвистикалық, гуманитарлық бағыттар бойынша оқушылардың 700-ге жуық жұмысы бірінші кезеңге жолданып, оның ішінде тек 100-і ғана екінші кезеңге өтіпті. Осындай екінші кезеңге жолдама алғандардың қатарында Жарсуат ауылындағы Махамбет атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Айталы Еділов те бар. Ол өзінің ғылыми жобасында ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін талдау арқылы әр шумағының қазынадай көркемдігін және әр сөзінің тасасында асылы бар екенін ашып көрсетіпті.

Міне, жетекшісі осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ардақ Төлеуқызымен бірлесе дайындап, сүзгісін өткізген Айталының жұмысы 5-8 сынып оқушылары арасында бірінші орынға лайық деп танылыпты. Оған диплом және Республикалық жинақ пен бірге «Үздік ғылыми жоба авторы» төсбелгісі табысталған. Сондай-ақ жетекшісіне дәл осындай мақтаулар ұсынылғанын айта кетеніміз жөн.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521