Жақсылық жасасаң, мерейің тасиды

"Жақсылық жасауға асығамыз" ұранымен қарияларға көмек қолын созу жұмыстарына мектеп оқушылары белсенді қатысуда.

«Қарт пен баланың көңілі ұқсас» демекші, олар қарттардың көңіл кілтін тауып, реті келіп жатса қуантып қоюға тырысады. Міне, осындай ниетпен 10 сынып оқушылары таяуда аулымыздағы жалғызбасты қарттың үйінде болып, ұлдар шарбақты қардан тазаласа, қыздарымыз үй ішінің тазалығына септігін тигізді.

Үлкеннен бата алып оралған олар жақсылықтың да ләззат сыйлып, қуанышқа бөлейтінін сезінді.

Альфия Губашева,

Есбол орта мектебінің мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521