ban2

Заңсыз ойынмен айналысып жазаланды

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласының Авангард-4 мөлтек ауданында орналасқан ғимараттың бірінде заңсыз ойын бизнесін жүзеге асырған азамат «А»-ға қатысты құқықбұзушылықтың дерегі анықталып, жолы кесілді.

Ғимаратты қарау кезінде оқиға орнынан заңсыз ойын бизнесімен айналысуға арналған құралдар: 1 DVD-R диск, 4 монитор, 3 ойын терминалы және ақша қаражаты тәркіленіп алынды. 26.06.2019ж. - анықталған дерек Департаменттің Сотқа дейнгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабы 1 бөлімі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеліп, тергеп - тексеру амалдары жүргізіліп, айыптау қортындысымен қылмыстық іс сотқа жолданды.

22.10.2019ж.- Атырау қалалық №2 сотының үкімімен азамат «А» ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді және жазаны өтеу мерзімі ішінде 100 (бір жүз) сағат мәжбүрлі еңбекке тартылуға жазаланды.

Егер, Сізде заңсыз ойын бизнесі туралы ақпарат болса - немқұрайлылық танытпаңыз! Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон арқылы хабарлауыңыз сұралады.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу

Департаментінің Профилактикалық жұмыс және

бақылау басқармасы

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner