Тараған ақпарат жалған боп шықты

Кешеден бері әлеуметтік желілерде бір, екі, үш баласы бар отбасыларға жәрдемақы төленетіндігі жөнінде ақпарат тарап, халықты шулатқан болатын.

Оның нақты жауабын білу үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласқан болатынбыз.

- 2020 жылдан бастап әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері жүзеге асады. Төрт және одан көп балалары бар отбасылар кіріс көзіне қарамай жәрдемақы төленеді. Ал 1-3 аралығында балалы жанұя табыс көзі шектік мөлшерден аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек және кепідендірілген көмек беріледі деп күтіліп отыр. Ол нақты күшіне енген күні халықты хабардар ететін боламыз. Ал желідегі ақпараттың қате екендігін қаперлеріңізге беремін, - дейді Ажар Жалғасқызы.

Жалпы жалған ақпарат таратқандарға жаза қолданылатыны жөнінде Заңның 274-бабында көрсетілген.

vats

Сонда жалған ақпарат таратып отырған кім?.

«Дендер» - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521