«Студенттер күні» ерекше атап өтілді

Индер аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен ауыл шаруашылығы колледжі әкімшілігінің ұйымдастыруымен студенттер күні ерекше салтанатта өткізілді.

Шараның ашылуында сөз алған орталық басшысы Сұңқар Ерсайынұлы «Жастар жылы» аясында ауданда ауқымды жобалар іске асып, Елбасының қолдауымен жастарға көптеген мүмкіндіктер жасалып жатқанын айта келе, студенттерді мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ тек біліммен шектелмей, жаз бойы жасыл желекті күтіп-ұстауда еңбек сіңірген «Жасыл ел» жасағының қатарында болған жастарға аудан әкімі атынан Алғыс хат тапсырды.

dsc_1669

Ал колледжі директоры Бағытжан Құнас оқу орнына жаңадан қабылданған студенттерге дәстүрлі сынақ кітапшасын табыстаса, Демеу Өтеміс курстастарының атынан ант қабылдады.

Студенттер күніне арналған «Жастар – жарқын болашаққа» атты шара алдымен «Тимбилдинг» спорттық шарасымен басталып, командалық сайыста бас жүлдені «Іскер» тобы ұтып алса, екінші орынды «Семсер», үшіншіні «Жас қыран» топтары иеленді.

Ал түстен кейін шара «Екі жұлдыз» фестивалімен жалғасын тапты. Онда дарынымен дараланған жастар қиял әлеміне қанат қағып, өнерде өз қолтаңбаларын қалдырып, ауданды облыс, республика көлеміне танытып жүрген әншіермен жұптасып ән салды. ІІ турдан тұратын жанды дауыста шырқалған фистивальда бірінші –қазақ композиторларының әндері айтылса, екіншіде еркін тақырыпта өз өнерлерін көрсетті.

ajdanak

12

timur

Мерекелік кешті қорытындылаған колледжі директоры Бағытжан Құнас:

-Жастарымыз тек оқу-білімді ғана емес, сонымен бірге өнерді де қатар алып жүру керек, бүгінгі күні аға-апаларынан алған тәлім-тәрбиені өздеріне жаратып, алдағы уақытта үлкен сахналардан көрініп жатса, біз қуаныштымыз, - дей келе, шараға қатысушыларға Алғыс хаттар ұсынып, бағалы сыйлықтар берді.

marapat

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521