ban2

Шетелдіктерге қарастырылған жаңа заңнама

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ішкі істер органдарында шетелдіктерді уақытша тіркеу жою мәселесін пысықтады.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаралып жатқан Заң жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Қазіргі уақытта осы заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында қаралуда. Түзетулермен ішкі істер органдарында шетелдіктерді тіркеуді жою көзделеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында тіркеусіз болуына не тіркелу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті болдырмайды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасында 30 тәуліктен астам болатын шетелдіктер уақытша болуға арналған рұқсатты рәсімдеуі қажет, бұл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді. Шетелдіктің келуі, болуы және оның уақытша тұруына арналған рұқсатты рәсімдеуі туралы ақпарат үшін барлық жауапкершілік оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.

Қабылдаушы адамдарда шетелдіктерді уақытша болуы туралы олардың хабарлау тетігі қазіргі уақытта «Халықтың көші-қон туралы» Заңмен көзделген, хабарлау рәсімі автоматтандырылған бірыңғай ақпараттық жүйенің визалық-көші-қон порталы арқылы іске асырлады.

А.КЕНЖЕҒАЛИЕВ

Индер АПБ Көші-қон қызмет тобының инспекторы полиция 

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner