Қолдауды сезінудің өзі серпіліс сыйлады

Ауыл мектептерінде көптеген мұғалім әріптестерім үшін биылғы жылдың қуанышы көп болып тұр.

Соның бірі мұғалімдер еңбекақыларының еселеп өсуі болса, екіншісі, көп балалы аналарға қамқорлық жасалуы және атаулы әлеуметтік көмек алушылар балалары да әлеуметтік пакеттер ұсынылуы. Біздің мектепте бұл қадамдар бұған дейін де жасалып келіп, көптеген шәкірттерімізге қолдау көрсетілді. Ол және ұдайы жетілдіріліп те келеді.

Енді міне, Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі осы бағыттағы жұмыстарды тағы жетілдіріп, жаңа Заң жобасын талқылауға ұсынып отыр. Онда аталған тараулар мен талаптарды халық қалаулылары терең зерделеп, екшеп, халыққа тиімді негізге келтіріп қабылдайды деген сенімдемін.

Жасыратыны жоқ бұған дейінде түрлі қолдау, көмек көрсету түрлері күшіне еніп, қолданылды. Бірақ олардың бәрінен де бір олқылық шығып, ақыр аяғы бүгінгі қадамға жеткізіп отыр. Мұның өзі де әр істі жеті рет өлшеп, бір рет кесудің керектігін танытады.

Біздің Махамбет атындағы орта мектептегі 70 мұғалімнің арасында 11-і көп балалы аналар қатарына жатады. Әрине, көп бала тәрбиелеп, құтт ыорындарына қондырғандары да аз емес. Бірақ бүгінгі әңгіме олар туралы болмай тұр ғой.

Егер із ойлағандай мұғалім аналардың жағдайлары да бүгінгі қойылып отырған талап үдесінен көрініп, жәрдемақыға ие болып жатса, бұл олардың тұрмысын одан әрі оңалтып, көңілдерін көтере түсері анық. Қалай дегенмен мұғалім де еңбек адамы, оның тұрмысы, үй тірлігі жетерлік.

Соның ішінде ауыл мұғалімі иығында үй-ішінің бар шаруасы күтіп тұр. Оны уақтылы тындырып, бос уақытында дәптер тексеріп, ізденісін жетілдіріп жатса, ортақ іс ұрпақ тәрбиесі де ілігері басады емес пе. Сондықтан да бұл әлеуметтік жобаны біз келешекке ұмтылдыратын кешенді қадам деп санағанымыз жөн болмақшы.

Қуат БЕКЕТОВ,

Махамбет атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Жарсуат ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521