Полиция көп адам жиналған үйді де тексере алады

Ірі отбасылық мерекелер мен еске алу шараларын (50-ден астам адам) мейрамханаларда ғана емес, жеке үйлерде де өткізуге тыйым салынады.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Әлібек ҚАЙЫРОВ мәлімдеді. Төтенше жағдай кезінде мұндай басқосулар әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралып, жазаланады.

Оның айтуынша, Атырау облысында қоғамдық мекемелердің жұмысын шектеу режимі бірнеше рет бұзылған. Мұндай мекемелер 50-ден аспайтын адам қабылдап, сағат 22-де жабылуы тиіс. Осы істер бойынша материалдар әкімшілік сотқа жолданды.

Ал жеке үйлердің қалай тексерілетіні басқа мәселе.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

azh.kz сайтынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521