Полиция беделі – елдің сенімінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі екендігін атап өтті.

«Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты»,-деді Президент Қ.Тоқаев.

Әрине полицейлердің имиджін көтеруге байланысты жұмыс бұған дейін де басталды. Әрмен қарай да жалғасын табу керек. Өйткені бүгінде қоғамда құқық қорғау жүйесінің жұмысына қатысты әртүрлі пікірлер кездеседі, наразылықтар да орын алады. Кейбір форма киген қызметкерлердің өз міндетін асыра пайдаланып, дөрекілік көрсету арқылы полиция беделіне нұқсан келтіретіндері қынжылтады. Бұл арада олар патриоттық тәрбие бағытында жоспарлы жұмыстар атқаруы тиіс. Полицияның кәсіби біліктілігін арттыру да күн тәртібіндегі мәселе. Сондықтан біз полиция имиджінің оң қалыптасып, оның жаңа заманғы келбеті жарқын, қоғамдағы рөлі жоғары болуы үшін бәрімізде мүдделі болуымыз қажет, сонда реформаның нәтижесін көреміз.

Полицияның бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға, яғни шын мәнінде халықтың сенімді серігіне айналады деп ойлаймын.

Хами МЫСЫРОВ,

құқық қорғау саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521