ОЮМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту қазақы қолөнерді жандандыру мақсатындағы шеберлік сағаты Индер аудандық «Көктем» қазақ орта мектебінің акт залында өтті.

Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен «Қазақ қызы» академиясы ұйымдастырған жобаға кентпен қоса ауылдық округтерден ынта білдірген 20-ға жуық қыз-келіншектер қатысты. Оларға оюлардан түрлі өрнек құрауды «Қазақ қызы» академиясының қолөнершісі әрі дизайнері Әсел Өтебаева үйретіп, оның қыр-сырымен таныстырды.

Екі күнге созылған шеберлік сағатында қатысушылар ауызбіршілік танытып, қиынды мен тігін түрлерін алмастыра отырып, әртүрлі өрнекпен кестеленген құрақ көрпе, заманауи жастық тыс, сонымен қатар аудан эмблемасы бейнеленген пано дайындап үлгерді. Қызығушылықпен тез меңгеріп алған оларға академия басшысы Әсия Нариманқызы сертификат табыстап, кәсіп ашуға тілектістігін білдірді.

rfrfresdg

Қатысушылар арасынан Назерке Имуханова «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша оқып, қазіргі кезде гранттан үміттеніп отырғанын, сәті түсіп жатырса қыз жасауын жасайтын кәсіп ашуды мақсат етіп отырғанын айтса, кент тұрғыны, жас әже С.Амантурлина «Қазіргі кезде әжелер бос уақыт өткізбей қазақи құндылықтарды жаңартып, қолөнер түрлерін меңгеріп қыздары мен келіндеріне үйретсе нұр үстіне нұр болар»,-деген пікірін жеткізді. Осындай игі іске қолдау білдірген аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Айдана Гумароваға жоба қатысушылары алдағы уақытта киіз басу, киім тігу үлгілерін үйрету үшін ұйымдастырушыларға сұраныс беру қолға алынса деген пікірлерін білдірді.

ujhyv

Сонымен құрақ құраудың қыр-сырын егжей-тегжейлі меңгерген қатысушылар көңілді тарқасты.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521