ban2

Оралдағы семинар-тренингке атыраулықтар да қатысты

 7-8 қыркүйек күндері Орал қаласында атыраулық үкіметтік емес ұйымдары өкілдері арасында «AkZhaiykcamp19» екі күндік семинар-тренингі өтті.

Шара түрлі бағытта белсенді әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бағыттағы жұмыстары мен қаржылық сауаттылықтарын арттыру, тың идеяларының жүзеге асуына жәрдемдесу, фандрайзинг (жобаға қаржы көздерін тарту) бағыты бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған. Семинар-тренингке қатысу 75 ҮЕҰ сайтқа өтінім қалдырып, нәтижесінде 40 үкіметтік емес ұйым өкілі осы шараға қатысты.

Азаматтық орталықтың директоры Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, тренингте Новосібір қаласындағы «Солнечный город» балаларға арналған қайырымдылық қорының фандрайзері, 285 млн рубль көлемінде қорға қаржы тартқан Стула Земфира мен «Добрый город – Петербург» қайырымдылық қорының үйлестірушісі Яна Зубко «Жаңадан бастаушыларға арналған фандрайзинг» және «ҮЕҰ қызметіне қаражат іздеу: сыртқы және ішкі ресурстар» тақырыбында семинар-тренинг өткізген. «Семинар-тренингке қатысушылар сабақты жақсы қабылдады. Бұл тақырыпта айтатын ақпарат өте көп. Бір күнде барлығын қамту мүмкін емес. Сол себепті де бір күнде көп ақпаратты жеткізу және қабылдау қиын болуы мүмкін. Бірақ, қиындық болмаса үлкен жетістікке жету де даму да болмайды деп ойлаймын», - дейді Зубко.

Семинар-тренингтен соң қатысушылар кешкісін командалық ойындар ойнап, соңы көңілді кешке ұласты. Шараның екінші күні атыраулық ҮЕҰ өкілдері Ұлыбританиядағы Фандрайзинг институтының мүшесі, қазақстандық фандрайзер Индира Шахтың «Жобалық өтінім деген не? Жобаның нәтижесі мен тиімділігі қандай?» тақырыбында семинар-тренингіне қатысты. Әрбір қатысушы өзінің қазіргі бастаған немесе ойында жүрген жобалық идеяларын тренермен ақылдаса отырып, мақсаты мен нәтижесін бірге талқылады. Командаға бөлінген қатысушылар өзара жарыса отырып, жақсы жобалық өтінімнің тиімділігі мен мақсатын түсініп шықты. Екі күндік шарадан соң қатысушылар өзінің әсерімен бөлісті.

Автор: Гүлсім Терсекова

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner